WEBVTT

00:00:00.624 --> 00:00:03.376
[пойыз қоңырауы дыбысы]
Бағалар болмаса не болады?

00:00:13.170 --> 00:00:14.940
- Нарықтық бағалар адам
әл-ауқаты үшін

00:00:14.940 --> 00:00:16.890
неліктен маңызды
екенін түсіну үшін

00:00:16.890 --> 00:00:19.890
бағаларсыз қандай жағдайға
тап болатынымызды ойлаңыз.

00:00:19.890 --> 00:00:21.960
Сіз ескі Кеңес Одағында

00:00:21.960 --> 00:00:23.700
темір жол комиссарысыз делік.

00:00:23.700 --> 00:00:25.890
Нарық, бағалар, бәрі жойылды.

00:00:25.890 --> 00:00:29.160
Сіз және сіздің жолдастарыңыз,
жалынды коммунистер,

00:00:29.160 --> 00:00:32.520
қазір қолда бар ресурстарды қалай
пайдаланатыныңызды жоспарлайсыз.

00:00:32.520 --> 00:00:35.400
Сіз А қаласынан В қаласына
темір жол салғыңыз келеді,

00:00:35.400 --> 00:00:38.010
бірақ қалалардың арасында
тау сілемі бар.

00:00:38.010 --> 00:00:39.270
Темір жол салынғасын,

00:00:39.270 --> 00:00:41.070
қалай салынса да,
таудан өтсе де,

00:00:41.070 --> 00:00:42.900
айналасынан өтсе де,

00:00:42.900 --> 00:00:45.480
халыққа бірдей жақсы
қызмет ететінін білесіз.

00:00:45.480 --> 00:00:47.070
Егер сіз таулар
ішінен жүргізіп салсаңыз,

00:00:47.070 --> 00:00:49.230
онда әлдеқайда аз
болат пайдаланасыз,

00:00:49.230 --> 00:00:50.910
себебі бұл жол қысқарақ.

00:00:50.910 --> 00:00:53.010
Бірақ сіз өрескел
жерді кесіп өту үшін

00:00:53.010 --> 00:00:55.020
қажетті эстакадалар мен
туннельдерді жобалау үшін

00:00:55.020 --> 00:00:57.000
күрделі инженерияны
пайдалану керексіз.

00:00:57.000 --> 00:00:59.610
Бұл маңызды, өйткені
суару жүйелерін,

00:00:59.610 --> 00:01:03.540
шахталарды, айлақ
қондырғыларын және басқа

00:01:03.540 --> 00:01:04.710
құрылымдарды жобалау
үшін инженерия қажет.

00:01:04.710 --> 00:01:07.440
Оның орнына басқа құрылымдарды
жобалау тиімдірек болса,

00:01:07.440 --> 00:01:08.790
сіз өзіңіздің инженерияны

00:01:08.790 --> 00:01:11.460
темір жолға байлап
қойғыңыз келмейді.

00:01:11.460 --> 00:01:13.650
Егер жолды жер деңгейінде
тауларды айналып өткізсеңіз,

00:01:13.650 --> 00:01:16.440
иженерияны басқа жобалар
үшін үнемдейсіз.

00:01:16.440 --> 00:01:18.690
Бірақ бұл жағдайда сіз рельсті
ұзақ қашықтыққа тартасыз,

00:01:18.690 --> 00:01:20.190
сондықтан әлдеқайда
көп болат қажет етесіз.

00:01:20.190 --> 00:01:22.950
Ал болат басқа да
мақсаттарға қажет.

00:01:22.950 --> 00:01:26.430
Көліктерге, арқалықтарға,
кемелерге, ыдыс-аяққа,

00:01:26.430 --> 00:01:28.560
және мыңдаған басқа заттарға.

00:01:28.560 --> 00:01:32.310
Ұлт игілігі үшін
қай жол дұрыс болады?

00:01:32.310 --> 00:01:34.290
Жауап беру үшін,
басқа мақсаттар үшін

00:01:34.290 --> 00:01:38.200
қай ресурстар қазір азырақ
қажет екенін анықтау керек?

00:01:38.490 --> 00:01:41.250
Таулар арқылы
өтетін жол үшін

00:01:41.250 --> 00:01:42.810
күрделі инженерия, бірақ
болат аз мөлшерде қажет,

00:01:42.810 --> 00:01:44.550
немесе айналма жол үшін

00:01:44.550 --> 00:01:47.400
аз инженерлік ой, бірақ
көп мөлшерде болат қажет.

00:01:47.400 --> 00:01:49.740
Бірақ басқа мақсаттарда
инженерия және

00:01:49.740 --> 00:01:52.590
болат қажеттілігінің өзектілігін
қалай білуге ​​болады?

00:01:52.590 --> 00:01:54.480
Инженерия қолдану
жолдардың бірі -

00:01:54.480 --> 00:01:56.760
суару жүйелерін салу.

00:01:56.760 --> 00:01:59.669
Белгілі бір суару жүйесінің
маңыздылығын бағалау үшін

00:01:59.669 --> 00:02:02.070
фермерлер суару егіс
өнімділігін қаншалықты

00:02:02.070 --> 00:02:05.640
арттыратыны туралы
не білетінін білу керек.

00:02:05.640 --> 00:02:08.160
Бұл бітік егіннің
құнын білу үшін,

00:02:08.160 --> 00:02:09.750
сіз азық-түлік сатушылар
өз тұтынушыларының

00:02:09.750 --> 00:02:12.420
сол өнімге сұранысы туралы
не білетінін білуіңіз керек.

00:02:12.420 --> 00:02:14.790
Бұл өз кезегінде
тұтынушылардың сол өніммен

00:02:14.790 --> 00:02:17.910
пісіре алатын жақсы тағамдар
туралы не білетініне байланысты.

00:02:17.910 --> 00:02:20.011
Осының бәрін қалай білесіз?

00:02:20.011 --> 00:02:23.550
Болатты пайдаланудың бір
жолы жүк көліктер жасау.

00:02:23.550 --> 00:02:26.460
Белгілі бір жаңа жүк көліктің
маңыздылығын бағалау үшін

00:02:26.460 --> 00:02:28.140
жүк тасушы өзінің қазіргі

00:02:28.140 --> 00:02:30.330
жүк көлігінің сыйымдылығы
туралы не білетінін

00:02:30.330 --> 00:02:31.380
және жаңа, үлкенірек
жүк көлікпен

00:02:31.380 --> 00:02:33.570
тұтынушылары қалаған
жеткізуді

00:02:33.570 --> 00:02:35.310
қаншалықты жылдам орындай
алатынын білуіңіз керек.

00:02:35.310 --> 00:02:37.410
Бұл жеткізілімдердің
маңыздылығын білу үшін,

00:02:37.410 --> 00:02:39.480
тұтынушылар үшін
тауарларды жеткізу

00:02:39.480 --> 00:02:41.790
қаншалықты құнды
екенін білуіңіз керек.

00:02:41.790 --> 00:02:44.250
Бұл, өз кезегінде,
адамдардың осы тауарларды

00:02:44.250 --> 00:02:47.580
барған жерінде қалай
пайдаланатынына байланысты.

00:02:47.580 --> 00:02:49.535
Темір жолды қалай
бағыттауды шешу үшін,

00:02:49.535 --> 00:02:51.600
сізге инженерия және
болаттың барлық ықтимал

00:02:51.600 --> 00:02:55.080
пайдалану жолдары
туралы ақпарат қажет.

00:02:55.080 --> 00:02:57.060
Бұл бүкіл қоғамдағы
миллиондаған

00:02:57.060 --> 00:02:59.940
адамдардағы
көлемді білім.

00:02:59.940 --> 00:03:01.260
Оған сіз қалай
қол жеткізесіз?

00:03:01.260 --> 00:03:02.700
Сауалнама жүргізсеңіз болады,

00:03:02.700 --> 00:03:05.460
бірақ оған қанша
адам қатысу керек?

00:03:05.460 --> 00:03:07.590
Өніммен тамақ дайындай-
тындардың барлығы

00:03:07.590 --> 00:03:10.500
және жүк көлігімен
жеткізушілер.

00:03:10.500 --> 00:03:12.300
Сандар сізді таң қалдырады.

00:03:12.300 --> 00:03:14.430
Көбінесе адамдар нақты
таңдауға келмегенше,

00:03:14.430 --> 00:03:16.410
нені қалайтынын
білмейді.

00:03:16.410 --> 00:03:17.460
Сондықтан олар
сауалнама сұрақтарына

00:03:17.460 --> 00:03:19.830
нақты жауап бере
алмауы мүмкін.

00:03:19.830 --> 00:03:21.000
Ол мүмкін болса да,

00:03:21.000 --> 00:03:23.760
сауалнамалар қайтарылып,
өңделіп болғанша,

00:03:23.760 --> 00:03:26.160
ақпараттың көп бөлігі
ескірген болады.

00:03:26.160 --> 00:03:28.719
Егер сіз болат пен инженерияның
әр қолданысына қатысты

00:03:28.719 --> 00:03:30.630
барлығы не білетіні туралы

00:03:30.630 --> 00:03:33.390
толық және уақтылы
ақпаратты ала алсаңыз да,

00:03:33.390 --> 00:03:35.280
теміржолды қай жерде салу

00:03:35.280 --> 00:03:36.960
керектігін анықтауыңыз керек.

00:03:36.960 --> 00:03:39.840
Көлемі таудай деректерді
қалай түсінесіз?

00:03:39.840 --> 00:03:41.767
Людвиг фон Мисистің
сөзімен айтсақ,

00:03:41.767 --> 00:03:43.740
"Сіз қараңғыда қолмен
қармалайсыз".

00:03:43.740 --> 00:03:45.090
Сіз орталық жоспарлаудың
білім мәселесі

00:03:45.090 --> 00:03:47.550
деп аталатын
қалыпқа тап боласыз.

00:03:47.550 --> 00:03:51.510
Жан-жақты социализмнің сөзсіз
сәтсіздікке ұшырауының себебі.

00:03:51.510 --> 00:03:54.090
Орталық жоспарлаушылар
тиімді жоспарлау үшін

00:03:54.090 --> 00:03:56.280
қажетті білімді ала алмайды.

00:03:56.280 --> 00:03:59.610
Сіз, комиссар, тапшы
ресурстарды ұлт игілігі үшін

00:03:59.610 --> 00:04:03.300
қандай жобаларға жұмсау
керектігін біле алмайсыз.

00:04:03.300 --> 00:04:05.490
Бірақ енді ойлау
тәжірибесін өзгертіңіз.

00:04:05.490 --> 00:04:07.860
Елестетіңіз, сіз әлемнің
нарықтық экономика

00:04:07.860 --> 00:04:08.880
жасап тұрған бір
елінде теміржол

00:04:08.880 --> 00:04:12.090
компанияның бас
операциялық директорысыз.

00:04:12.090 --> 00:04:14.250
Сіз ұлт игілігі үшін емес,

00:04:14.250 --> 00:04:16.680
фирмаға табыс әкелу
үшін жұмыс жасайсыз.

00:04:16.680 --> 00:04:20.250
C қаласынан D қаласына теміржол
желісін жүргізгіңіз келеді.

00:04:20.250 --> 00:04:22.470
Тағы да, олардың
арасында тау сілемі бар.

00:04:22.470 --> 00:04:25.020
Енді, жолын
қалай шешесіз?

00:04:25.020 --> 00:04:26.730
Ең арзанын таңдайсыз.

00:04:26.730 --> 00:04:29.190
Сіз әрбір бағыттың
жалпы құнын есептеп,

00:04:29.190 --> 00:04:31.962
қажетті инженерия жұмыстарын

00:04:31.962 --> 00:04:33.840
инженерлік бағаға көбейтіп,

00:04:33.840 --> 00:04:36.060
оны қажетті болат мөлшері мен

00:04:36.060 --> 00:04:37.650
болат бағасының
көбейтіндісіне қосасыз.

00:04:37.650 --> 00:04:40.590
Сосын компанияңызға қайсысы
арзанырақ болатынын таңдайсыз.

00:04:40.590 --> 00:04:43.080
Сіз ұлттың немесе жалпы
қоғамның игілігі туралы

00:04:43.080 --> 00:04:44.670
мүлде ойламауыңыз мүмкін,

00:04:44.670 --> 00:04:46.830
бірақ, таңғаларлық нәрсе,

00:04:46.830 --> 00:04:49.800
компанияңыз үшін ең арзан
жолды таңдау арқылы

00:04:49.800 --> 00:04:52.830
сіз қоғам үшін ең қолайлы
бағытты таңдайсыз.

00:04:52.830 --> 00:04:54.630
Сіз басқа мақсаттар
үшін шұғыл түрде

00:04:54.630 --> 00:04:57.780
қажет емес ресурстар
жинағын пайдаланасыз.

00:04:57.780 --> 00:04:58.680
Неге?

00:04:58.680 --> 00:05:01.080
Өйткені сіз есептейтін
нарықтық бағалар

00:05:01.080 --> 00:05:04.590
барлық балама пайдалануда
инженерия мен болат

00:05:04.590 --> 00:05:06.900
қажеттілігінің өзектілігін
көрсетеді.

00:05:06.900 --> 00:05:10.067
Мысалы, дәмді тағамды
қалайтын тұтынушылар

00:05:10.067 --> 00:05:12.930
жақсырақ, қымбатырақ
өнімді жергілікті

00:05:12.930 --> 00:05:15.540
азық-түлік дүкенде болса,
сатып алар еді делік.

00:05:15.540 --> 00:05:18.360
Шын мәнінде, олар сатушыларға
өнім үшін көбірек ұсынып жатыр,

00:05:18.360 --> 00:05:21.390
сондықтан дүкен иесі фермерлерге
өнім үшін көбірек ұсынады.

00:05:21.390 --> 00:05:22.710
Ендеше, суару
арқылы өнімділігі

00:05:22.710 --> 00:05:25.260
жоғары болатын диқандар

00:05:25.260 --> 00:05:27.660
суару жүйесіне қаражат
аямайтын болады.

00:05:27.660 --> 00:05:29.550
Ал суару жүйелерін
жасайтындар

00:05:29.550 --> 00:05:32.040
оларды жобалайтын
инженерлерге көбірек ұсынбақ.

00:05:32.040 --> 00:05:35.520
Енді суару жүйелер жобасында
инженерлерге жақсы төлейтіндіктен,

00:05:35.520 --> 00:05:37.828
басқа жобаларға,
мысалы, теміржолдарға

00:05:37.828 --> 00:05:39.450
инженерлерді жалдағысы
келетін адамдар,

00:05:39.450 --> 00:05:41.310
олардың уақытына
лайық болу үшін,

00:05:41.310 --> 00:05:42.930
кем дегенде, сондай
ақы ұсынуы керек.

00:05:42.930 --> 00:05:45.279
Жоғары баға инженерияны
қажет ететіндерге

00:05:45.279 --> 00:05:48.570
оның құндылығының
қымбатсығанын көрсетеді.

00:05:48.570 --> 00:05:50.550
Сондықтан олар оны азырақ
пайдалануы мүмкін.

00:05:50.550 --> 00:05:53.040
Осылайша, ресурстардың
нарықтық бағасы оларды

00:05:53.040 --> 00:05:55.261
тікелей немесе жанама
түрде пайдаланатын

00:05:55.261 --> 00:05:59.620
миллиондаған адамдардың ерекше
білімі мен қалауын білдіреді.

00:05:59.910 --> 00:06:01.593
Ал бағалар сол
білім мен қалауларды

00:06:01.593 --> 00:06:04.710
барлық қызығушылық
танытқандарға жеткізеді.

00:06:04.710 --> 00:06:06.720
Бізге адам білімінің осынау
үлкен көлемін жеткізу үшін

00:06:06.720 --> 00:06:09.180
нарықтық бағамен ғана
біз қалаған нәрселерді

00:06:09.180 --> 00:06:11.220
өндірудің ең аз шығынды
жолдарын есептей аламыз,

00:06:11.220 --> 00:06:12.870
өз іс-әрекеттерімізді
басқалардың қызметімен

00:06:12.870 --> 00:06:15.780
үйлестіре аламыз, қоғам
ең жоғары бағалайтын

00:06:15.780 --> 00:06:18.780
ресурстарды пайдалана
аламыз және сол арқылы

00:06:18.780 --> 00:06:21.903
мүмкіндігінше көп адам қажеттіліктерін
қанағаттандыра аламыз.

00:06:22.779 --> 00:06:25.696
[ойландыратын әуен]

00:06:25.696 --> 00:06:27.690
Көбірек көру, Liberty Learn
бағдарламасына жазылыңыз