WEBVTT FILE

1
00:00:00.000 --> 00:00:03.083
Қарыз төлеу,үйсізді тамақтандыру, 

2
00:00:03.123 --> 00:00:04.412
жұмыссыздықты жою немесе 

3
00:00:04.452 --> 00:00:05.524
кез келген өзге мәселені шешуге 

4
00:00:05.564 --> 00:00:06.530
неліктен көбірек ақша 

5
00:00:06.570 --> 00:00:07.815
басып шығарыла салмайды 

6
00:00:07.855 --> 00:00:10.108
деп ойланып көрдіңіз бе?

7
00:00:10.148 --> 00:00:11.111
Бұл бір ессіз 

8
00:00:11.151 --> 00:00:12.111
сұрақ сияқты көрінуі мүмкін, 

9
00:00:12.151 --> 00:00:13.489
бірақ меніңше,жұрт бұл сұрақты 

10
00:00:13.529 --> 00:00:15.254
қоюға ұялатын сияқты. 

11
00:00:15.294 --> 00:00:17.821
Алайда бұл сұрақ талай адамның

12
00:00:17.861 --> 00:00:20.500
Оған қысқаша бір сөзбен
жауап беруге болады: 

13
00:00:20.540 --> 00:00:21.951
инфляция. 

14
00:00:21.991 --> 00:00:23.134
Инфляция анықтамасы мынадай: 

15
00:00:23.174 --> 00:00:24.659
ақша мөлшерінің өсуіне байланысты 

16
00:00:24.699 --> 00:00:26.409
бағалардың жалпы деңгейінің 

17
00:00:26.449 --> 00:00:27.813
тұрақты түрде, ұдайы өсуі. 

18
00:00:27.853 --> 00:00:30.191
Ол валюта құндылығын жояды.

19
00:00:30.231 --> 00:00:31.519
Оған қайтып ораламыз. 

20
00:00:31.559 --> 00:00:33.209
Алдымен ақшаның…

21
00:00:33.249 --> 00:00:36.855
нақты не екенін айтып шығайын. 

22
00:00:36.895 --> 00:00:37.993
Қазір бұл айдан анық
сияқты естілуі мүмкін, 

23
00:00:38.033 --> 00:00:40.347
бірақ сіз ақшаның ішкі
құндылығы мүлдем 

24
00:00:40.387 --> 00:00:44.487
жоқ екенін түсінуіңіз керек.

25
00:00:44.527 --> 00:00:46.145
Яғни, ақшаның өзінде 

26
00:00:46.185 --> 00:00:47.333
еш құндылық жоқ. 

27
00:00:47.373 --> 00:00:48.577
Ол бір нәрсе сатып ала алатындықтан 

28
00:00:48.617 --> 00:00:50.097
ғана құнды саналады. 

29
00:00:50.137 --> 00:00:51.910
Егер адам жоқ аралда
жалғыз қалсаңыз, 

30
00:00:51.950 --> 00:00:54.946
ақша түкке жарамсыз болып қалар еді.

31
00:00:54.986 --> 00:00:56.111
Біз оның құндылығына сенгендіктен 

32
00:00:56.151 --> 00:00:58.011
ғана ақшаның құндылығы бар. 

33
00:00:58.051 --> 00:01:00.111
Бұл Тинкербелл эффекті, 

34
00:01:00.151 --> 00:01:02.402
оны мен Vsauce сайтынан білдім. 

35
00:01:02.442 --> 00:01:03.620
Тинкербелл эффекті 

36
00:01:03.660 --> 00:01:05.410
біз оның барлығына сенгендіктен 

37
00:01:05.450 --> 00:01:07.811
ғана бар нәрсені білдіреді.

38
00:01:07.851 --> 00:01:09.409
Ақшаның жайы да осы. 

39
00:01:09.449 --> 00:01:10.460
Теория жүзінде, 

40
00:01:10.500 --> 00:01:11.960
егер адамдар аяқ астынан 

41
00:01:12.000 --> 00:01:13.728
ақшаның құны жоқ дегенге
сене бастаса, 

42
00:01:13.768 --> 00:01:16.208
оның құны болмас еді. 

43
00:01:16.248 --> 00:01:18.028
Әрине,ол үнемі бұлай болған жоқ.

44
00:01:18.068 --> 00:01:19.560
Ақша мыңдаған жылдардан бері бар. 

45
00:01:19.600 --> 00:01:20.614
Бастапқыда ол 

46
00:01:20.654 --> 00:01:23.587
тауар ақша түрінде қолданылды. 

47
00:01:23.627 --> 00:01:25.894
Тұз,дәмдеуіш,ат,қару-жарақ
сияқты құндылығы 

48
00:01:25.934 --> 00:01:28.503
мен пайдаға жарамды
заттар қолданылды. 

49
00:01:28.543 --> 00:01:30.836
Ішкі құндылығы болмаса да, 

50
00:01:30.876 --> 00:01:32.006
сирек кездесетіндіктен, 

51
00:01:32.046 --> 00:01:33.310
алтын, күміс сияқты 

52
00:01:33.350 --> 00:01:34.838
қымбат металдар да 

53
00:01:34.878 --> 00:01:37.767
валюта қызметін атқарды.

54
00:01:37.807 --> 00:01:39.678
Содан кейін репрезентатив(өкілдік)
ақша пайда болды. 

55
00:01:39.718 --> 00:01:42.071
Иелігіңіздегі заттың бәрін
көтеріп шығу қиын болғандықтан, 

56
00:01:42.111 --> 00:01:44.128
репрезентатив ақша қолайлы болды. 

57
00:01:44.168 --> 00:01:46.082
Сіз алтыныңызды банкке бересіз, 

58
00:01:46.122 --> 00:01:47.557
олар оны сақтап отырады да, 

59
00:01:47.597 --> 00:01:49.414
сізге әлгі алтынның иесі екеніңізді 

60
00:01:49.454 --> 00:01:51.534
растайтын бір жапырақ қағаз береді.

61
00:01:51.574 --> 00:01:52.996
Кез келген адам әлгі қағазбен 

62
00:01:53.036 --> 00:01:54.345
барып алтынды талап ете алатындықтан, 

63
00:01:54.385 --> 00:01:56.565
әлгі қағаз ақша ретінде қолданылды. 

64
00:01:56.605 --> 00:01:57.565
Бірақ қазір 

65
00:01:57.605 --> 00:01:58.938
барлығы дерлік фиат ақша,яғни алтынға 

66
00:01:58.978 --> 00:02:00.861
айырбасталмайтын ақша қолданады.

67
00:02:00.901 --> 00:02:03.416
Фиат ақша үкіметке сенім болғанын, 

68
00:02:03.456 --> 00:02:05.151
оның ақшасы құнды боларына сенім
болғанын талап етеді. 

69
00:02:05.191 --> 00:02:06.582
Мысалға салыстырмалы
түрде жас мемлекет 

70
00:02:06.622 --> 00:02:07.499
деп алатын болсақ, 

71
00:02:07.539 --> 00:02:09.112
АҚШ 200 жыл ішінде барлық 

72
00:02:09.152 --> 00:02:12.156
3 монетарлық жүйеден өтті.

73
00:02:12.196 --> 00:02:14.156
1792 жылы АҚШ 

74
00:02:14.196 --> 00:02:15.518
еуропа ақшасын қолдануды
тоқтатқан кезде 

75
00:02:15.558 --> 00:02:17.049
1792 жылғы Монета акті негізінде 

76
00:02:17.089 --> 00:02:19.049
АҚШ доллары пайда болды. 

77
00:02:19.089 --> 00:02:20.664
Бастапқыда АҚШ доллары 

78
00:02:20.704 --> 00:02:22.062
тауар ақша түрінде, 

79
00:02:22.102 --> 00:02:24.434
алтын,күміс және мыс тиын түрінде шықты.

80
00:02:24.474 --> 00:02:26.169
Тиындар таза алтын, күміс 

81
00:02:26.209 --> 00:02:27.176
және мыстан жасалды 

82
00:02:27.216 --> 00:02:28.234
және тиынды жасауға 

83
00:02:28.274 --> 00:02:29.956
жұмсалған металл құны 

84
00:02:29.996 --> 00:02:32.142
тиын бетінде жазылған құнға тең еді. 

85
00:02:32.182 --> 00:02:33.792
Содан кейін 1900 жылғы 

86
00:02:33.832 --> 00:02:35.406
Алтын стандарты акті негізінде ел тауар

87
00:02:35.446 --> 00:02:38.102
және репрезентатив ақша қосындысына көшті.

88
00:02:38.142 --> 00:02:39.487
Үкімет кез келген уақытта 

89
00:02:39.527 --> 00:02:42.466
алтынға айырбастауға болатын
доллар банкноттарын шығарды. 

90
00:02:42.506 --> 00:02:44.535
Сол кезде көп ел Алтын
стандарты түріндегі 

91
00:02:44.575 --> 00:02:46.535
өлілдік ақша қолданатын.

92
00:02:46.575 --> 00:02:47.729
Елдер арасындағы 

93
00:02:47.769 --> 00:02:48.794
айырбас бағамын 

94
00:02:48.834 --> 00:02:50.638
дәл есептеудің тиімді тәсілі осы еді. 

95
00:02:50.678 --> 00:02:52.298
Мысалы, егер алтынның 1 граммы 

96
00:02:52.338 --> 00:02:55.190
Британияда 1£,
ал Американда 1,5$ тұрса, 

97
00:02:55.230 --> 00:02:58.792
cіз 1£  1,5$-ға тең деген
логикалық қорытынды жасайсыз.

98
00:02:58.832 --> 00:03:00.566
Алтын тиын қолданысы тоқтап, 

99
00:03:00.606 --> 00:03:01.609
өзге тиын құрамына 

100
00:03:01.649 --> 00:03:02.548
күміс қосылмайтын болып, 

101
00:03:02.588 --> 00:03:03.910
АҚШ-та тауар ақша 

102
00:03:03.950 --> 00:03:05.646
дәуірі бітті. 

103
00:03:05.686 --> 00:03:07.316
1971 жылы Ричард Никсон 

104
00:03:07.356 --> 00:03:08.901
ресми түрде Алтын
стандартынан бас тартып, 

105
00:03:08.941 --> 00:03:11.362
АҚШ фиат ақшаға көшті.

106
00:03:11.402 --> 00:03:13.145
Сондықтан қазіргі ақшаның артында 

107
00:03:13.185 --> 00:03:16.615
алтын немесе сол сияқты қандай да
бір құндылық тұрған жоқ. 

108
00:03:16.655 --> 00:03:18.166
Енді өз тақырыбымызға көшейік.

109
00:03:18.206 --> 00:03:20.274
Ұсыныс пен сұраныс графикасы
мұның не себепті 

110
00:03:20.314 --> 00:03:21.597
бағаларды өсіретінін көрсетеді.

111
00:03:21.637 --> 00:03:22.848
Экономикада ақшаның көп болуы 

112
00:03:22.888 --> 00:03:24.246
тауар мен қызметтің сұраныс 

113
00:03:24.286 --> 00:03:25.412
қисығын жылжытады. 

114
00:03:25.452 --> 00:03:26.636
Бірақ осы кезде 

115
00:03:26.676 --> 00:03:28.220
экономикалық өнім
көлемі артпайтындықтан, 

116
00:03:28.260 --> 00:03:30.059
бағалар өсуі керек.

117
00:03:30.099 --> 00:03:31.059
Былай қарастырайық. 

118
00:03:31.099 --> 00:03:32.823
Егер үкімет бір миллион
доллар басып шығарып, 

119
00:03:32.863 --> 00:03:34.581
оны азаматтарға спорт
көлігін сатып алуға деп 

120
00:03:34.621 --> 00:03:35.640
почтамен салып жіберсе,жұрттың бәрі 

121
00:03:35.680 --> 00:03:37.046
спорт көлігін аламыз деп сыртқа шықса...

122
00:03:37.086 --> 00:03:38.394
алайда елде спорт көлігінің 

123
00:03:38.434 --> 00:03:39.854
саны шектеулі ғана болғандықтан, 

124
00:03:39.894 --> 00:03:41.010
оны ұсынушылардың спорт көлігінің 

125
00:03:41.050 --> 00:03:44.347
бағасын өсіруі ақылға сиымды.

126
00:03:44.387 --> 00:03:46.347
Осыны басқа мысалмен көрсетейік, 

127
00:03:46.387 --> 00:03:47.496
елсіз аралдағы 

128
00:03:47.536 --> 00:03:48.562
4 адамды елестетіңіз. 

129
00:03:48.602 --> 00:03:50.706
Олардың әрқайсысында 10 дана жеміс бар. 

130
00:03:50.746 --> 00:03:53.180
Барлық жеміс құны тең. 

131
00:03:53.220 --> 00:03:55.960
Енді олар алма бағын тапты делік.

132
00:03:56.000 --> 00:03:57.960
Алманың номиналдық құны артты, 

133
00:03:58.000 --> 00:03:59.364
себебі оның саны көп, 

134
00:03:59.404 --> 00:04:00.979
бірақ ұсыныс артқандықтан, 

135
00:04:01.019 --> 00:04:01.979
алманың 

136
00:04:02.019 --> 00:04:03.980
нақты құны түсті. 

137
00:04:04.020 --> 00:04:05.177
Сондықтан қазір 

138
00:04:05.217 --> 00:04:06.660
10 алмаға 1 ғана банан тиеді, 

139
00:04:06.700 --> 00:04:08.260
себебі алмаға сұраныс төмен, 

140
00:04:08.300 --> 00:04:10.260
бананға жоғары.

141
00:04:10.300 --> 00:04:11.959
Түсіндіре кетейін,бұл аналогиядағы 

142
00:04:11.999 --> 00:04:13.802
адамдар - түрлі елдер, 

143
00:04:13.842 --> 00:04:15.499
жеміс - олардың валюталары, 

144
00:04:15.539 --> 00:04:18.639
ал алма ағашы-басып шығарылған ақша. 

145
00:04:18.679 --> 00:04:20.591
Тым көп ақша басып шығарудың
дұрыс емес екенін 

146
00:04:20.631 --> 00:04:22.683
экономикалық теориядан ғана
біліп отырған жоқпыз.

147
00:04:22.723 --> 00:04:25.470
Бертіндегі тарихтың өзінде
бірнеше мысал бар. 

148
00:04:25.510 --> 00:04:28.663
Ең соңғы мысал-Зимбабве,
бұл ел 2008 жылы 

149
00:04:28.703 --> 00:04:31.886
ақша басып шығару кесірінен шектен
тыс жоғары инфляциядан жапа шекті.

150
00:04:31.926 --> 00:04:34.972
Президент Мугабенің бірнеше сорақы
шешімінің салдары осындай болды. 

151
00:04:35.012 --> 00:04:36.732
Экономика нашарлай бастағанда 

152
00:04:36.772 --> 00:04:38.043
үкімет шығындарын төлеу үшін 

153
00:04:38.083 --> 00:04:39.875
Мугабе көбірек ақша басып шығарды.

154
00:04:39.915 --> 00:04:41.694
Осының кесірінен инфляция шарықтап кетті, 

155
00:04:41.734 --> 00:04:43.694
2008 жылдың қарашасында 

156
00:04:43.734 --> 00:04:45.694
Зимбабведегі инфляция... 

157
00:04:45.734 --> 00:04:47.284
Негізі,тоқтай тұрыңыз,бір секунд. 

158
00:04:47.324 --> 00:04:49.790
Алдымен бір-ақ мәлімет берейін. 

159
00:04:49.830 --> 00:04:52.224
АҚШ-тағы инфляция 2% шамасында.

160
00:04:52.264 --> 00:04:53.602
Экономистер жалпылай алғанда 

161
00:04:53.642 --> 00:04:56.380
1-3% инфляция көрсеткішінің
оңтайлы екеніне келіседі. 

162
00:04:56.420 --> 00:05:00.212
Қазір әлемдегі бірінші елдердің
инфляция көрсеткіштері 0-5% айналасында. 

163
00:05:00.252 --> 00:05:02.212
Инфляция деңгейі 50%-дан асқан ел 

164
00:05:02.252 --> 00:05:05.587
гиперинфляцияға ұшырады деп саналады.

165
00:05:05.627 --> 00:05:07.587
Сонымен...осыны қаперде ұстаңыз, 

166
00:05:07.627 --> 00:05:09.587
Зимбабведегі инфляцияның
ең жоғары көрсеткіші...

167
00:05:09.627 --> 00:05:15.334
6,5...секстиллион пайызға жетті! 

168
00:05:15.374 --> 00:05:19.854
Басқаша айтсақ,мына сан
22 таңбадан тұрады! 

169
00:05:19.894 --> 00:05:21.841
Баға 24 сағат сайын 2 есеге өскен 

170
00:05:21.881 --> 00:05:23.601
сұмдық жағдай орын алды!

171
00:05:23.641 --> 00:05:25.250
Үкімет проблеманы 

172
00:05:25.290 --> 00:05:26.535
үсті-үстіне үлкенірек деноминациядағы 

173
00:05:26.575 --> 00:05:28.535
ақша басып шығарып шешпек болды. 

174
00:05:28.575 --> 00:05:30.444
Сонымен қатар олар 

175
00:05:30.484 --> 00:05:32.955
зимбабве долларын 3 мәрте қайта бағалап, 

176
00:05:32.995 --> 00:05:34.446
4 түрлі ISO коды бар 

177
00:05:34.486 --> 00:05:36.840
4 түрлі валюта шығарды. 

178
00:05:36.880 --> 00:05:38.912
Соңғы қайта деноминациялау
алдында олар 

179
00:05:38.952 --> 00:05:41.395
100 трлн доллардық банкнот
шығарып жүрген еді.

180
00:05:41.435 --> 00:05:44.099
Халық бір бөлке сатып алуға қажетті 

181
00:05:44.139 --> 00:05:45.862
ақшаны арбаға тиеп апаратын. 

182
00:05:45.902 --> 00:05:48.709
Үкімет бірде тіпті инфляцияны
заңсыз әрекет деп танып, 

183
00:05:48.749 --> 00:05:52.138
бағаны көтерген адамдар
қамауға да алынды.

184
00:05:52.178 --> 00:05:54.012
2009 жылы зимбабве доллары 

185
00:05:54.052 --> 00:05:55.292
айналыстан шығарылды, содан бері 

186
00:05:55.332 --> 00:05:57.292
бұл елдің ұлттық валютасы жоқ. 

187
00:05:57.332 --> 00:05:59.580
Зимбабве халқы АҚШ доллары,
фунт стерлинг 

188
00:05:59.620 --> 00:06:02.041
және евро сияқты
валюталарды қолданады.

189
00:06:02.081 --> 00:06:03.462
Гиперинфляция алдында 

190
00:06:03.502 --> 00:06:04.618
бірінші зимбабве доллары 

191
00:06:04.658 --> 00:06:07.203
шамамен 1,25$ еді.

192
00:06:07.243 --> 00:06:08.975
Егер әлгі 100 трлн долларлық банкнот 

193
00:06:09.015 --> 00:06:10.630
осы айырбас бағамына татыған жағдайда, 

194
00:06:10.670 --> 00:06:13.098
сол жалғыз банкнот бүкіл әлемдегі 

195
00:06:13.138 --> 00:06:20.413
ақша құнынан...
2 есе көп болар еді.

196
00:06:20.453 --> 00:06:22.102
Бірақ ерсі естілсе де, 

197
00:06:22.142 --> 00:06:23.736
Зимбабве мысалынан да 

198
00:06:23.776 --> 00:06:25.537
сорақы инфляция 

199
00:06:25.577 --> 00:06:28.329
1946 жылы Венгрияда орын алды.

200
00:06:28.369 --> 00:06:29.926
2008 жылдың қараша айының ортасында 

201
00:06:29.966 --> 00:06:31.654
шарықтау шегіне жеткен Зимбабведегі 

202
00:06:31.694 --> 00:06:35.885
инфляцияның жалпы ең жоғары
айлық көрсеткіші 79,6 млрд% болды, 

203
00:06:35.925 --> 00:06:39.789
ал 1946 жылдың шілдесінде Венгрияда
ең жоғары айлық инфляция 

204
00:06:39.829 --> 00:06:46.040
41,9 квадриллоион % болып,бағалар
15 сағат сайын 2 еселеніп отырды.

205
00:06:46.080 --> 00:06:47.522
Салыстыру үшін айтсақ, 

206
00:06:47.562 --> 00:06:50.361
3% шамасындағы қалыпты инфляция
көрсеткішіне ие елде 

207
00:06:50.401 --> 00:06:54.168
бағалар 23 жылда ғана 2 еселенеді. 

208
00:06:54.208 --> 00:06:56.168
Венгрияның валютасы «пенго»
деп аталатын, 

209
00:06:56.208 --> 00:06:58.799
инфляция өскенде «b.-pengő» шықты 

210
00:06:58.839 --> 00:07:00.799
(млрд пенгоның қысқартылып жазылуы). 

211
00:07:00.839 --> 00:07:04.623
Бұл қысқа мерзім бойынша
1 триллион пенгоға тең.

212
00:07:04.663 --> 00:07:05.716
Айлық ең жоғары 

213
00:07:05.756 --> 00:07:07.136
инфляция рекордымен қоса 

214
00:07:07.176 --> 00:07:08.301
Венгрия бұрын-соңды
қолданысқа енгізілген 

215
00:07:08.341 --> 00:07:09.951
ең үлкен банкнот деноминациясы
бойынша да рекорды жасады. 

216
00:07:09.991 --> 00:07:13.486
100 млн.b.-pengő банкноты 

217
00:07:13.526 --> 00:07:15.608
іс жүзінде 100 млн миллиард пенго еді. 

218
00:07:15.648 --> 00:07:17.512
Қысқа мерзім бойынша бұл

219
00:07:17.552 --> 00:07:19.138
100 квинтиллион пенго.

220
00:07:19.178 --> 00:07:23.062
1млрд b.-pengő банкноты басылып
шығарылғанымен,қолданысқа енгізілген жоқ.

221
00:07:23.102 --> 00:07:27.884
1941 жылы айырбас бағамы
5 пенгоға 1$ болатын. 

222
00:07:27.924 --> 00:07:30.438
1946 жылы пенго айналымнан
шығарылғанда 

223
00:07:30.478 --> 00:07:32.438
оның көк тиындық құны
қалмағаны соншалықты 

224
00:07:32.478 --> 00:07:36.389
бүкіл елдегі банкноттарды жинасаңыз да,

225
00:07:36.429 --> 00:07:41.655
оның құны АҚШ пенниінің оннан
біріне ғана татитын. 

226
00:07:44.002 --> 00:07:45.841
Содан кейін Венгрия форинтке көшті, 

227
00:07:45.881 --> 00:07:50.073
1 форинт 400 октиллион 

228
00:07:50.113 --> 00:07:54.363
(29 нөлі бар сан) пенгоға тең еді. 

229
00:07:54.403 --> 00:07:56.363
Сондықтан үкіметтің қарызын
төлеймін деп ақша басып

230
00:07:56.403 --> 00:07:58.965
шығара беруге болмайды.
Оның арты жақсы емес. 

231
00:08:01.085 --> 00:08:04.548
Ұлттық қарыз дегеннің не
екенін де түсінген абзал. 

232
00:08:04.588 --> 00:08:07.373
Ұлттық қарыз жеке қарыздан
әлдеқайда күрделі. 

233
00:08:07.413 --> 00:08:10.391
Ол сіздің жұртқа қарыз
болғаныңыз сияқты емес. 

234
00:08:10.431 --> 00:08:13.165
Ұлттық қарызы ең үлкен ел -
АҚШ-ты алайық, 

235
00:08:13.205 --> 00:08:16.611
қазір оның борышы
17 трлн доллар шамасында. 

236
00:08:16.651 --> 00:08:20.165
АҚШ-тың ең үлкен кредиторы... 

237
00:08:20.205 --> 00:08:21.729
Қытай екенін білетін шығарсыз. 

238
00:08:21.769 --> 00:08:22.895
Бұл рас болғанымен, 

239
00:08:22.935 --> 00:08:24.400
жаңылыстыратын бір нәрсе бар. 

240
00:08:24.440 --> 00:08:27.842
Барлық қарыздың 8% ғана
Қытайға тиесілі. 

241
00:08:27.882 --> 00:08:29.842
Қарыздың дені 

242
00:08:29.882 --> 00:08:31.842
АҚШ үкіметінің өзіне, 

243
00:08:31.882 --> 00:08:35.774
Әлеуметтік қамсыздандыру немесе
Федералды резерв сияқты ұйымдарға тиесілі.

244
00:08:35.814 --> 00:08:39.791
Бұған қоса,қарыздың тағы
30% АҚШ азаматтарына тиесілі. 

245
00:08:39.831 --> 00:08:42.618
17 триллионның 8 пайызының
өзі талай ақша болса да, 

246
00:08:42.658 --> 00:08:44.673
Қытай Ақ Үйдің есігін қағып, 

247
00:08:44.713 --> 00:08:47.084
1,2 трлн долларды талап ете алмайды. 

248
00:08:47.124 --> 00:08:49.640
Оның тәртібі олай емес. 

249
00:08:49.680 --> 00:08:53.324
Негізі АҚШ қаржы министрлігі
қазынашылық облигацияларын шығарады. 

250
00:08:53.364 --> 00:08:54.441
Сіз осы облигацияларды
сатып аласыз да, 

251
00:08:54.481 --> 00:08:55.851
үкімет сізге жыл сайын 

252
00:08:55.891 --> 00:08:57.363
сыйақы төлеп отырады. 

253
00:08:57.403 --> 00:08:58.948
Содан кейін уақыты келгенде 

254
00:08:58.988 --> 00:09:01.795
олар қазынашылық облигацияларды
кері сатып алады. 

255
00:09:01.835 --> 00:09:04.064
Қазір бір ел қаржылық
қиындыққа ұшырайтын болса, 

256
00:09:04.104 --> 00:09:05.579
ол қарызын төлей алмай қалуы мүмкін, 

257
00:09:05.619 --> 00:09:08.240
яғни облигация алғандар өз
ақшасын қайтара алмайды. 

258
00:09:08.280 --> 00:09:11.267
Бірақ жалпы алғанда АҚШ қауіп-қатері
мүлдем жоқ инвестиция саналады, 

259
00:09:11.307 --> 00:09:13.267
себебі АҚШ доллары -әлемде 

260
00:09:13.307 --> 00:09:15.753
ең кең тараған және ең сенімді валюта. 

261
00:09:15.793 --> 00:09:17.663
Тіпті осы ел конституциясында да 

262
00:09:17.703 --> 00:09:21.218
АҚШ өз борышына дефолт
жариялай алмайды деп жазылған. 

263
00:09:21.258 --> 00:09:22.999
Үкіметтің неліктен ақшаны тоқтаусыз 

264
00:09:23.039 --> 00:09:25.126
басып шығара бере алмайтынын 

265
00:09:25.166 --> 00:09:29.130
мына сөйлем өте жақсы
түйіндейтін сияқты: 

266
00:09:29.170 --> 00:09:31.348
«Егер ақша ағашта өссе... 

267
00:09:31.388 --> 00:09:35.120
оның құны жапырақ құнындай болар еді». 

268
00:09:35.160 --> 00:09:38.697
Назарларыңызға рақмет.