WEBVTT FILE

1
00:00:00.000 --> 00:00:01.255
[демонстранттар айқайлауда]

2
00:00:01.295 --> 00:00:06.122
-Көлік жуушылар ұйымдаса алса, 

3
00:00:06.162 --> 00:00:09.358
барлық жұмысшылар ұйымдасады!  

4
00:00:09.398 --> 00:00:13.421
Sí ser pueden,sí ser pueden.[Иә,олардың
қолынан келеді,олардың қолынан келеді].

5
00:00:13.461 --> 00:00:17.108
[полиция демонстранттармен сөйлесіп жатыр]

6
00:00:17.148 --> 00:00:19.335
-2015 жылы демонстранттар, 

7
00:00:19.375 --> 00:00:21.794
кәсіподақ басшылары мен сайланған
мемлекет қызметкерлер құралған 

8
00:00:21.834 --> 00:00:23.629
шерушілер жол қозғалысын
тоқтатып тастап, 

9
00:00:23.669 --> 00:00:26.470
Бруклиндегі шағын көлік жуу
орнының алдында қамауға алынды.

10
00:00:26.510 --> 00:00:27.801
-Бұл бір адамға дем беретін сәт еді. 

11
00:00:27.841 --> 00:00:29.682
Мына жұмысшылар бас көтеріп, 

12
00:00:29.722 --> 00:00:33.560
өз құқықтары мен адамның
қадір-қасиеті жолында күресті. 

13
00:00:33.600 --> 00:00:36.300
Бұл көңіл-күй өмір бойы
сізбен бірге болады. 

14
00:00:36.340 --> 00:00:37.956
Бас қосып,өзгеріс жасай аласыз. 

15
00:00:37.996 --> 00:00:39.784
Ал көппен біріккенде 

16
00:00:39.824 --> 00:00:42.414
қасыңызда достарыңыз бар
екенін аңғарсыз. 

17
00:00:42.454 --> 00:00:45.079
-Соңғы 6 жылда біліктілігі
төмен жұмысшыларды 

18
00:00:45.119 --> 00:00:46.737
жалдайтын көлік жуу сияқты
индустриялар жалақыны 

19
00:00:46.777 --> 00:00:50.281
аз төлеуге қатысты сотқа түсетін
шағымдардың нысанына айналды.

20
00:00:50.321 --> 00:00:53.574
-Екеуі де еңбек заңды
өрескел бұзумен айналысады

21
00:00:53.614 --> 00:00:55.574
-Одақ құруға деген өршіл ниет

22
00:00:55.614 --> 00:00:59.429
-Онда соны тыңдайық!
[айқайлаған адамдар]

23
00:00:59.469 --> 00:01:02.879
-Нью-Йорктегі ең аз жалақыны сағатына 

24
00:01:02.919 --> 00:01:04.427
15$-ға дейін көтеруді
талап еткен науқан.

25
00:01:04.467 --> 00:01:06.427
-Жолды біз бастаймыз! 

26
00:01:06.467 --> 00:01:08.665
Бүкіл ел бізге қарайтын болады, 

27
00:01:08.705 --> 00:01:11.444
біз осы штаттың жағдайын жақсартамыз!

28
00:01:11.484 --> 00:01:13.378
-Алайда не болғанын қараңыз. 

29
00:01:13.418 --> 00:01:15.630
Нью-Йорктегі жалақысы төмен
жұмысшыларға көмектескеннің орнына 

30
00:01:15.670 --> 00:01:17.630
қозғалыс олардың жұмыс
орындарын жойып жатыр. 

31
00:01:17.670 --> 00:01:19.112
Қозғалыс кесірінен 

32
00:01:19.152 --> 00:01:21.231
кей көлік жуу орыны адам еңбегі
орнына машиналарды қолданып, 

33
00:01:21.271 --> 00:01:22.979
кейбірі жабылып қалды. 

34
00:01:23.019 --> 00:01:24.979
Көше қапталына қойылған көліктен 

35
00:01:25.019 --> 00:01:28.411
керек-жарағын шығарып заңсыз түрде
көлік жуып жүргендер саны артып келеді, 

36
00:01:28.451 --> 00:01:30.372
себебі ең аз жалақы
талабы кәсіпкерлердің 

37
00:01:30.412 --> 00:01:32.946
оларды қазіргі ақымен жұмысқа
алуын заңға қайшы етті.

38
00:01:32.986 --> 00:01:33.834
Ал автомат қолдануға 

39
00:01:33.874 --> 00:01:36.717
көшкен фирмалар ұтты.

40
00:01:36.757 --> 00:01:39.414
-Сағатына 15$-лық ақыға көп рақмет, 

41
00:01:39.454 --> 00:01:41.493
бізге керегі осы еді.

42
00:01:41.533 --> 00:01:43.848
-Арзан еңбек күші заңсыз
болғандықтан,жаңа бәсекелестердің 

43
00:01:43.888 --> 00:01:47.575
бағаны түсіріп,көбірек клиент тартып,
оларды басып озуы қиын.

44
00:01:47.615 --> 00:01:50.654
Саясаткерлердің өздері
түсінбейтін күрделі 

45
00:01:50.694 --> 00:01:53.659
индустрияға араласуының шынайы

46
00:01:53.699 --> 00:01:55.355
өмірдегі салдары осы, 

47
00:01:55.395 --> 00:01:56.885
медиа да қорғауды қажет ететін, 

48
00:01:56.925 --> 00:01:59.517
еңбегі қаналып жатқан
жұмысшылар туралы қарадүрсін 

49
00:01:59.557 --> 00:02:02.025
әңгімелерге сыни көзбен қарамастан,
желеулетіп әкетеді.

50
00:02:02.065 --> 00:02:04.065
-Кімнен қорғамақшы? 

51
00:02:06.268 --> 00:02:13.962
[музыка]

52
00:02:14.002 --> 00:02:17.595
[шерушілер шулап жатыр]

53
00:02:17.635 --> 00:02:25.501
-Көлік жуушылар науқаны болуы
мүмкін өзгеріс үлгісі іспетті.

54
00:02:25.541 --> 00:02:28.398
-2012 жылы Ұлттық бөлшек
сауда еңбеккерлері 

55
00:02:28.438 --> 00:02:30.729
кәсіподағы бастаған прогрессив
топтар коалициясы 

56
00:02:30.769 --> 00:02:33.252
Нью-Йорк қаласының көлік
жуу индустриясын 

57
00:02:33.292 --> 00:02:35.252
өзгерту үшін үлкен науқан бастады. 

58
00:02:35.292 --> 00:02:37.646
-Бұл индустриядағы жұмыс шарттары 

59
00:02:37.686 --> 00:02:39.606
сұмдық екенін түсінген 

60
00:02:39.646 --> 00:02:42.744
кезде осы науқан туындады.

61
00:02:42.784 --> 00:02:44.744
Шыжыған ыстық күні де,
аязды күні де 

62
00:02:44.784 --> 00:02:48.012
бұл жұмысшылар сыртта аптасына
60-70 сағат,кейде одан да 

63
00:02:48.052 --> 00:02:51.485
көп уақыт жұмыс істейді, оларға
тіпті ең аз жалақы да төленбейді. 

64
00:02:51.525 --> 00:02:53.998
Меніңше,жұмысшылар өздерінде
көп таңдау жоқтай сезінген 

65
00:02:54.038 --> 00:02:57.036
және расында да олардың көмек
сұрайтын ешкімі болмаған. 

66
00:02:57.076 --> 00:03:01.482
Ал біз осы индустрияға шынайы
өзгерісті енгізе алатынымызды түсіндік.

67
00:03:01.522 --> 00:03:03.958
-Алайда алғашқы күннен бастап 

68
00:03:03.998 --> 00:03:07.386
көлік жуу орындарына қатысты науқан
ойдағыдай өтпегені шындық. 

69
00:03:07.426 --> 00:03:09.705
Жұмысшылардың көбі
кәсіподақ көмегін 

70
00:03:09.745 --> 00:03:12.394
қаламайтын болып шықты. 

71
00:03:12.434 --> 00:03:15.768
6 жылда ұйымдастырушылар 11 фирманы
немесе қаладағы көлік жуу

72
00:03:15.808 --> 00:03:18.616
орындарының 4%-ын кәсіподақ
ұйымына кіргізді. 

73
00:03:18.656 --> 00:03:20.110
Содан бері олардың
екеуі жабылып қалды, 

74
00:03:20.150 --> 00:03:22.110
жұмысшылары қолдамағандықтан, 

75
00:03:22.150 --> 00:03:24.871
3 фирма одақтан шығып кетті. 

76
00:03:24.911 --> 00:03:27.263
Сөйтіп кәсіподақта 6 фирма немесе 

77
00:03:27.303 --> 00:03:31.015
қаладағы тіркелген көлік жуу
орындарының 2%-ы ғана қалды.   

78
00:03:31.015 --> 00:03:33.710
-Олар келіп,ақысын алып кететін. 

79
00:03:34.000 --> 00:03:34.930
Бірақ, мен…

80
00:03:35.130 --> 00:03:37.420
мен кәсіподақтан ешқандай экономикалық
пайда көріп тұрған жоқпын. 

81
00:03:38.256 --> 00:03:40.546
-Ервин Пар кәсіподақ Куинс
ауданындағы Мейн стритте 

82
00:03:40.586 --> 00:03:42.986
орналасқан кәсіподаққа мүше
ұйымдардың бірінде жұмыс істейтін, 

83
00:03:43.026 --> 00:03:46.338
Гватемаладан келген иммигрант. 

84
00:03:46.378 --> 00:03:48.092
Соңғы 2 жылда ұйымдастырушылар 

85
00:03:48.132 --> 00:03:50.216
осы жерде 2 шеру ұйымдастырды.

86
00:03:50.256 --> 00:03:52.218
Жұмысшылардың ақысы
желініп жатқанын 

87
00:03:52.258 --> 00:03:53.925
New Yorks Times газеті де жазды. 

88
00:03:53.965 --> 00:03:56.540
Енді Мейн стриттегі фирма
жұмысшылары кәсіподақтан шығуды 

89
00:03:56.580 --> 00:03:58.824
талап еткен төртінші көлік жуу
орны болуы мүмкін.

90
00:03:58.824 --> 00:03:59.960
-Әріптестерімнің 

91
00:04:00.310 --> 00:04:02.150
басым бөлігі кәсіподақта болуды қаламайды.

92
00:04:04.030 --> 00:04:05.910
-Кәсіподақ жұмысшылар қаналып жатыр,  

93
00:04:06.870 --> 00:04:07.830
кәсіподақ оны қорғауы керек дейді.

94
00:04:08.135 --> 00:04:10.095
-Кімнен қорғамақшы?

95
00:04:10.135 --> 00:04:12.660
Кімнен қорғамақшы?

96
00:04:13.460 --> 00:04:14.870
Егер маған бұл жердегі жұмыс ұнамаса, 

97
00:04:15.830 --> 00:04:16.870
жұмысты басқа жерден тауып аламын. 

98
00:04:16.880 --> 00:04:19.050
Бірдей ақы төлейтін 

99
00:04:20.340 --> 00:04:21.170
жұмыс орны көп. 

100
00:04:22.090 --> 00:04:23.760
Олар одан артық төлемейді.
Сол бір ақы.

101
00:04:24.094 --> 00:04:26.054
-Қазір біз жұмысшылардың
атынан шығып тұрмыз, 

102
00:04:26.094 --> 00:04:31.095
бұл істі әлі де жалғастырамыз
деген үміттеміз.

103
00:04:31.135 --> 00:04:33.343
-Кәсіподаққа сенім шатқаяқтағаннан 

104
00:04:33.383 --> 00:04:36.564
кейін қозғалыс басшылары өзгерісті
жасауға қала мен штат басшылығын 

105
00:04:36.604 --> 00:04:38.604
тартуға ден қойды. 

106
00:04:39.284 --> 00:04:41.851
[қол шапалақтағандар]

107
00:04:41.891 --> 00:04:43.776
Үкіметті тарта отырып 

108
00:04:43.816 --> 00:04:45.230
кәсіподақ қол жеткізген өзгеріс- 

109
00:04:45.270 --> 00:04:48.328
ең аз жалақыны сағатына
15$-ға дейін көтеру.

110
00:04:48.368 --> 00:04:52.531
-Нью-Йорк-елдің прогрессив астанасы! 

111
00:04:52.571 --> 00:04:57.027
Біз әділдік үшін күресеміз.
Біз әділет жолында күресеміз.

112
00:04:57.067 --> 00:04:59.027
-Бұл қозғалыс индустрияны
түбегейлі өзгертті, 

113
00:04:59.067 --> 00:05:01.373
бірақ ол белсенділер
қалаған өзгеріс емес еді.

114
00:05:01.413 --> 00:05:06.471
-Талай жылдан бері
жұмыс берушілерден 

115
00:05:06.511 --> 00:05:09.779
индустрияда өзгеріс
енгізген сәттен бастап, 

116
00:05:09.819 --> 00:05:11.393
олар автоматтандыруға көшетіндерін 

117
00:05:11.433 --> 00:05:15.042
немесе талай фирма жабылып
қалатынын айтып келеді. 

118
00:05:15.082 --> 00:05:17.732
Бүгінге дейін мұндай
жағдай орын алған емес.

119
00:05:17.772 --> 00:05:20.200
-Іс жүзінде осы жәйттің
бәрі орын алып жатыр. 

120
00:05:20.240 --> 00:05:23.745
15$-лық ең аз жалақы Нью-Йорктегі
көп көлік жуу орнының 

121
00:05:23.785 --> 00:05:25.622
адамды машинамен алмастыруына
түрткі болды, 

122
00:05:25.662 --> 00:05:27.988
Куинстегі мына фирма 

123
00:05:28.028 --> 00:05:30.860
4 жұмысшыны алмастыратын
көліктің үстінен 

124
00:05:30.900 --> 00:05:32.923
су шашатын жаңа автомат орнатты. 

125
00:05:32.963 --> 00:05:34.724
Қаладағы көлік жуу
орындарының көбі сияқты 

126
00:05:34.764 --> 00:05:37.197
бұл орын да қол еңбегі
автомат орнату және 

127
00:05:37.237 --> 00:05:40.570
оны қолданудан арзан болған
кездері жасалған еді.

128
00:05:40.610 --> 00:05:44.961
-Еңбек арзан еді,ия,
расында да арзан еді. 

129
00:05:45.001 --> 00:05:48.225
-Амир Малкидің әкесі де
көлік жуу орнын ұстаған. 

130
00:05:48.265 --> 00:05:50.835
Ол 1980-жылдары осы индустриядағы
жұмысын бастағанда 

131
00:05:50.875 --> 00:05:54.568
майлық,шланг және щетка ұстаған адамдар
бұл жұмысты арзанырақ ақыға жасайтындықтан, 

132
00:05:54.608 --> 00:05:58.930
қаладағы операторлардың бәрі
автоматтарды алып тастап жатқан еді.

133
00:05:58.970 --> 00:06:00.930
-Қазір жағдай керісінше. 

134
00:06:00.970 --> 00:06:04.573
Еңбек қымбат болғандықтан,
бізге басы артық адам 

135
00:06:04.613 --> 00:06:07.967
жалдамау үшін көлік жуатын
жақсы жабдық керек.

136
00:06:08.007 --> 00:06:09.842
-Бұл жай ғана жөндеу емес. 

137
00:06:09.882 --> 00:06:12.879
Джон Кеннеди әуежайы маңында жаңа, 

138
00:06:12.919 --> 00:06:16.430
толықтай автоматтандырылған,
көлік жуу орындары ашылып жатыр, 

139
00:06:16.470 --> 00:06:18.941
онда электронды қақпа,бәрін өзі
істейтін шаңсорғыш 

140
00:06:18.981 --> 00:06:20.741
және жұмыстың дұрыс 

141
00:06:20.781 --> 00:06:23.750
жүріп жатқанын бақылайтын
жалғыз менеджер бар.

142
00:06:23.790 --> 00:06:25.948
Айтарлықтай тәуекелге барса да, 

143
00:06:25.988 --> 00:06:28.924
көлік жуу орындары иелері
автоматты таңдайды.

144
00:06:28.964 --> 00:06:30.924
Қаладағы үздік көлік жуу
орындарының бірі - 

145
00:06:30.964 --> 00:06:33.420
Бруклиндегі Best Auto Spa
орнын алайық, 

146
00:06:33.460 --> 00:06:36.718
мұнда көлігінің сырт келбетіне
жіті мән беретін және 

147
00:06:36.758 --> 00:06:39.249
адам еңбегіне көбірек ақы төлеуге
әзір клиенттер көп келеді. 

148
00:06:39.289 --> 00:06:41.076
15$-лық ең аз жалақы 

149
00:06:41.116 --> 00:06:44.162
талабынан кейін бұл бизнес модель
нарықта қала алмайтын болды. 

150
00:06:44.202 --> 00:06:46.149
Cөйтіп Best Auto Spa айырықша 

151
00:06:46.189 --> 00:06:48.900
ас ұсынатын бистро
кейпінен тағы бір 

152
00:06:48.940 --> 00:06:51.532
фаст фуд орнына айналды.

153
00:06:51.572 --> 00:06:55.640
2 жыл бұрын фирма иесі 200 000$
тұратын жабдық орнатып, 

154
00:06:55.680 --> 00:06:57.961
8 жұмысшыны қысқартқан еді.

155
00:06:58.001 --> 00:07:00.245
Енді еңбек құнын өсіре түсетін 

156
00:07:00.285 --> 00:07:02.602
тағы бір өзгеріске тап болып отыр.

157
00:07:02.642 --> 00:07:04.182
Қазір ең аз жалақы
үдесінен шығу үшін 

158
00:07:04.222 --> 00:07:06.832
жұмыс берушіге клиент
жұмысшыға ұстататын 

159
00:07:06.872 --> 00:07:09.208
шайпұлдық ақшаны да
есептеуге рұқсат. 

160
00:07:09.248 --> 00:07:11.801
Нью-Йорк штаты шайпұлды
есепке қоспауды 

161
00:07:11.841 --> 00:07:14.125
талап ететін ұсынысты
қарастырып жатыр.

162
00:07:14.165 --> 00:07:16.223
Егер әлгі ұсыныс алдағы
қаңтарда қабылданса, 

163
00:07:16.263 --> 00:07:19.200
жұмысшылардың бәрін жайына жіберіп,
толықтай автоматтандыруға көшуден  

164
00:07:19.240 --> 00:07:23.215
басқа амалым жоқ-,дейді 
Vegas Auto Spa қожайыны.

165
00:07:23.255 --> 00:07:25.549
Черч авенюдегі MM Wonder Bar
да сөйткен еді. 

166
00:07:25.589 --> 00:07:28.170
Стейтен Айленд ауданындағы Нортерн
бульвардағы City Car Wash Express 

167
00:07:28.210 --> 00:07:31.611
сияқты жаңа,толықтай автоматтандырылған
орындар ашылып жатыр. 

168
00:07:31.651 --> 00:07:34.182
Айтам берсем, ондайлар көп.
Автоматтандыру бағытындағы 

169
00:07:34.222 --> 00:07:37.593
үлкен трендті көрсететін бұл
мысалдарға қатысты пікіріңіз қандай?

170
00:07:37.633 --> 00:07:39.914
-Көлік жуу орнына барғанда оның иесі 

171
00:07:39.954 --> 00:07:41.817
«Мына талаптардан кейін
автоматқа көштім» десе, 

172
00:07:41.857 --> 00:07:43.725
бұл үлкен бір үрдістің 

173
00:07:43.765 --> 00:07:46.115
бір бөлшегі дер едім. 

174
00:07:46.155 --> 00:07:47.236
Олай емес деп те айтудан аулақпын.

175
00:07:47.276 --> 00:07:48.242
Меніңше, кәсіпкерлердің бәрі 

176
00:07:48.282 --> 00:07:50.708
осы қадамға барып жатқан жоқ.

177
00:07:50.748 --> 00:07:52.769
-Көлік жуу орындары иелерінің
бәрі тәуекелге барып, 

178
00:07:52.809 --> 00:07:55.894
автомат орнатып шығындана бермейді. 

179
00:07:55.934 --> 00:07:57.537
Тағы бір жол бар.

180
00:07:57.577 --> 00:07:59.716
Бұл бизнестен шығып, жерді 

181
00:07:59.756 --> 00:08:01.396
пайдасы молырақ қолданысқа беру. 

182
00:08:01.436 --> 00:08:04.612
Нью-Йорктегі көп көлік жуу орнында
осындай жағдай орын алып жатыр.

183
00:08:04.652 --> 00:08:07.773
Қожайындарына еңбек туралы заң талаптарын
орындамағаны және астыртын бухгалтерлік 

184
00:08:07.813 --> 00:08:11.249
есеп жүргізгені үшін сотқа шағым түсірілгеннен
кейін бірнеше көлік жуу орны жабылып қалды.

185
00:08:11.289 --> 00:08:14.369
-Дұрыс іскерлік практикадан 

186
00:08:14.409 --> 00:08:17.513
ауытқып кетпес үшін бұл фирмаларды 

187
00:08:17.553 --> 00:08:19.377
қадағалауды жалғастырамыз.

188
00:08:19.417 --> 00:08:22.211
-Сотқа шағым кесірінен 

189
00:08:22.251 --> 00:08:25.834
Куинстегі Вудсайттағы мына орын,
Гарлемдегі мына орын 

190
00:08:25.874 --> 00:08:27.834
және Жоғары Манхеттендегі
мына орын жабылып қалды. 

191
00:08:27.874 --> 00:08:31.996
Олардың әрқайсысымен бірге ондаған
төмен ақылы жұмыс орындары да жабылды.

192
00:08:32.036 --> 00:08:33.842
-Жұмыс істеп жүрген көлік жуу орны 

193
00:08:33.882 --> 00:08:36.768
жабылғанда жұмысшылардың
жағдайы жақсара ма?

194
00:08:36.808 --> 00:08:38.845
-Бұл орындар жалақы мен
жұмыс сағатына қатысты 

195
00:08:38.885 --> 00:08:42.928
шағымдардан кейін жабылды деген
тұжырымыңызбен келіспеймін. 

196
00:08:42.968 --> 00:08:46.710
Ммм, енді, ммм дәл
солай болмаған шығар. 

197
00:08:46.750 --> 00:08:49.996
Жағдайы сізге солай
сипатталған болуы керек.

198
00:08:50.036 --> 00:08:51.996
-Жаңа талаптың қаперде
болмаған тағы бір салдары 

199
00:08:52.036 --> 00:08:54.936
автоматтандыруға көшкен
фирма иелеріне қатысты, 

200
00:08:54.976 --> 00:08:58.673
15$-лық ең аз жалақы жаңа
көлік жуу орынын ашуды қиындатып, 

201
00:08:58.713 --> 00:09:02.366
байырғы фирмаларды
бәсекеден қорғайды.

202
00:09:02.406 --> 00:09:05.608
-Ең аз жалақының көтерілуі 

203
00:09:05.648 --> 00:09:08.126
менің бизнесімді едәуір жеңілдетті. 

204
00:09:08.166 --> 00:09:12.907
Бұл-маған қатысты және индустрияда
орын алуы мүмкін ең жақсы өзгеріс..

205
00:09:12.947 --> 00:09:16.382
-Джек Белинский -Куинстегі жаңа
көлік жуу орнының менеджері. 

206
00:09:16.422 --> 00:09:19.868
Ол былтыр жалақы мен жұмыс
сағатына қатысты соттан кейін 

207
00:09:19.908 --> 00:09:23.606
жабылған көлікті адамдар
жуатын бизнес орнында ашылды. 

208
00:09:23.646 --> 00:09:25.159
Жаңа қожайын оны көліктің
сыртын ғана жуатын, 

209
00:09:25.199 --> 00:09:28.206
толықтай автоматтандырылған
орынға айналдырды. 

210
00:09:28.246 --> 00:09:30.638
Клиент көлігінің
ішін шаңсорғышпен 

211
00:09:30.678 --> 00:09:32.172
өзі талайды.

212
00:09:32.212 --> 00:09:34.775
-Дәл осы жұмысты 25 адам атқаратын, 

213
00:09:34.815 --> 00:09:37.087
қазір 2 адам ғана жұмыс істейді.

214
00:09:37.127 --> 00:09:39.087
-Арзан еңбек күшін заңсыз еткен 

215
00:09:39.127 --> 00:09:42.363
15$-лық ең аз жалақы
талабы Белинскийдің 

216
00:09:42.403 --> 00:09:44.174
қызмет сапасын түсіруіне
мүмкіндік берді.

217
00:09:44.214 --> 00:09:47.418
-Бұрын мен көліктің сыртын
ғана жусам, бәсекелестерім 

218
00:09:47.458 --> 00:09:49.512
«хи-хи мынау көліктің сыртын ғана жуады,
ал мен толық қызмет көрсетемін, 

219
00:09:49.552 --> 00:09:51.200
клиенттерінің бәрін алып қоямын» дер еді. 

220
00:09:51.240 --> 00:09:53.787
Сондықтан тек көлік сыртын
жууға көшуге батылым бармай жүрді. 

221
00:09:53.827 --> 00:09:56.693
Ал қазір әлгі есерсоқ заң мен сағатына 
15$-лық ең аз жалақы кесірінен 

222
00:09:56.733 --> 00:10:00.513
барлық орындар тек көлік сыртын
ғана жууға көшуге мәжбүр… 

223
00:10:00.553 --> 00:10:04.831
ол бұл саланы теңестіріп тастап,
бәскелестік артықшылық қалдырмады.

224
00:10:04.871 --> 00:10:07.037
-15$-лық ең аз жалақы талабымен 

225
00:10:07.077 --> 00:10:09.402
үкімет ақысы төмен
жұмысқа тыйым салды. 

226
00:10:09.442 --> 00:10:11.489
Дегенмен бір нәрсені
заңсыз ету таңдауы аз, 

227
00:10:11.529 --> 00:10:14.651
тепсе темір үзетін
жігіттердің нарықтан 

228
00:10:14.691 --> 00:10:17.503
өз қызметіне сұраныс табуына
кедергі бола алмайды.

229
00:10:17.543 --> 00:10:22.676
-Бұл жұмысшылардың таңдауы,
әлеуеті де жоқтың қасы. 

230
00:10:22.716 --> 00:10:25.526
Олар көлеңкеде қалып қойды.

231
00:10:25.566 --> 00:10:28.649
-Бір ирониялық жағдай,әлгі прогрессив
өзгерістер көлік жуу жұмысшыларын

232
00:10:28.689 --> 00:10:30.477
көлеңкеге одан әрі ысырып тастады. 

233
00:10:30.517 --> 00:10:33.273
Заңды түрде жұмыс істейтін көлік жуу
орындары енді оларды жалдай

234
00:10:33.313 --> 00:10:36.052
алмайтындықтан,жұмысшылар көшедегі
жұмысқа шықты,ал онда ақы тек 

235
00:10:36.092 --> 00:10:38.623
қолма-қол ақшамен төленеді, 
салық та,кәсіподақ та,өтемақы да, 

236
00:10:38.663 --> 00:10:41.769
сақтандыру да,сондай-ақ айлықтың
төменгі шегі де жоқ.

237
00:10:41.769 --> 00:10:43.760
-Экономика көлік жуу фургондары көшеде

238
00:10:43.760 --> 00:10:45.760
жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайға жетті.

239
00:10:46.302 --> 00:10:49.809
-Фамилиясын атамауды өтінген Фаусто- 

240
00:10:49.849 --> 00:10:52.081
көлік жуатын заңсыз жұмысшы. 

241
00:10:52.121 --> 00:10:55.642
3 адамнан құралған көлік жуу фургоны 

242
00:10:55.682 --> 00:10:58.842
бір көлікті 15$-ға жуады.

243
00:10:58.842 --> 00:11:00.840
-Клиенттің бізді таңдау себебі- 

244
00:11:01.570 --> 00:11:02.630
құс саңғырығы 

245
00:11:03.225 --> 00:11:04.120
сияқты дақтарды 

246
00:11:04.643 --> 00:11:05.200
автомат кетіре алмайды, 

247
00:11:05.644 --> 00:11:07.644
ал біз кетіреміз.

248
00:11:08.344 --> 00:11:10.652
-Оның АҚШ-та жүргеніне 19 жыл болды, 

249
00:11:10.692 --> 00:11:12.771
ол табысының бір бөлігін 

250
00:11:12.811 --> 00:11:14.599
Доминикан Республикасында қалған 

251
00:11:14.639 --> 00:11:16.914
бала-шағасына жіберіп отырады.

252
00:11:17.155 --> 00:11:18.150
-Апта сайын немесе 15 күн мөлшерінде 

253
00:11:18.740 --> 00:11:19.380
мен азық-түлікке және өзге де

254
00:11:19.783 --> 00:11:21.783
қажеттіліктеріне 100$ жіберіп тұрамын. 

255
00:11:23.995 --> 00:11:25.995
Олардың керек-жарағының
ақысын осы жақтан жіберемін.

256
00:11:26.250 --> 00:11:28.822
-Құрып кеткір-ай,мен олармен
қалай бәсекелесемін? 

257
00:11:28.862 --> 00:11:32.368
Ана жігіттер, олар
қолма-қол ақша төлейді...

258
00:11:32.408 --> 00:11:35.134
түсінесіз бе,ол тиісті салықтарды,
әлеуметтік қамсыздандыру қоры салығын, 

259
00:11:35.174 --> 00:11:37.747
сақтандыру сыйақысын төлемейді,
ал мен төлеймін.

260
00:11:37.787 --> 00:11:40.060
-Қымбат автомат жүйесін орнатып, 

261
00:11:40.100 --> 00:11:43.405
қабырғаға пайдалану
лицензияларын іліп тастаудан 

262
00:11:43.445 --> 00:11:46.305
өзге амалы қалмаған
көлік жуу фирмалары 

263
00:11:46.345 --> 00:11:48.185
үкіметтен ең аз жалақы
талабының орындалуын

264
00:11:48.225 --> 00:11:50.444
табанды түрде талап етуде.

265
00:11:50.484 --> 00:11:52.973
-Жұмысшының қамын ойлайды екенсіз,
шығарған ережеңізге қараңыз. 

266
00:11:53.013 --> 00:11:56.862
Бірақ егер ол ереже орындалмаса,
заңның солқылдақ болғаны.

267
00:11:56.902 --> 00:11:59.900
Олар барлық ережелерді
сақтауға тырысатын 

268
00:11:59.940 --> 00:12:02.144
және барлық ережелерді
бұзатын жаман жігітпен 

269
00:12:02.184 --> 00:12:04.562
бәсекелесуге мәжбүр болған
жақсы жігітті ғана жояды.

270
00:12:04.953 --> 00:12:06.953
-Менің басқа жұмысым болмады. 

271
00:12:06.997 --> 00:12:08.997
Кіре қалатын өзге жұмыс болмады.

272
00:12:10.468 --> 00:12:12.342
-Мына фургондармен жұмыс
істейтін ерлердің кейбірінің 

273
00:12:12.382 --> 00:12:14.239
өзге жұмысқа тұру мүмкіндігі болмаған. 

274
00:12:14.279 --> 00:12:16.635
Олардың жұмысын тоқтату 

275
00:12:16.675 --> 00:12:18.755
оларға пайдалы деп ойлайсыз ба?

276
00:12:18.795 --> 00:12:20.910
-Иә,негізі мен солай ойлаймын, 

277
00:12:20.950 --> 00:12:22.430
осы орайда ойымды ашық айтайын.

278
00:12:22.470 --> 00:12:24.430
Кей адамның заңды айналып өтуіне, 

279
00:12:24.470 --> 00:12:27.515
халыққа жұмыс мүмкіндігін
беру мақсатында 

280
00:12:27.555 --> 00:12:29.515
жұмысшыларды қорғауға
бағытталған ережелерді 

281
00:12:29.555 --> 00:12:34.883
аяқасты етуге рұқсат
беру керек дерсіз. 

282
00:12:34.923 --> 00:12:37.244
Мұндай ымыраға келу сұмдық қой!

283
00:12:37.284 --> 00:12:39.074
-Немесе нағыз сұмдық 

284
00:12:39.114 --> 00:12:42.541
кеңседе жақсы естілетін,бірақ 

285
00:12:42.581 --> 00:12:43.834
шынайы өмірде жұмыс істейтін 

286
00:12:43.874 --> 00:12:47.775
кедейлердің жағдайын ушықтырып
жіберетін ережелерді қабылдау шығар.

287
00:12:47.815 --> 00:12:50.386
Сонау 2015 жылы прогрессив

288
00:12:50.426 --> 00:12:52.728
белсенділер мысал еткен
Бруклиндегі Vegas Auto Spa

289
00:12:52.768 --> 00:12:58.486
көлік жуу орнына оралайық.

290
00:12:58.526 --> 00:13:00.569
Көлік жуу орыны кәсіподаққа
кіре салысымен, 

291
00:13:00.609 --> 00:13:03.496
қожайын фирмасынан құтылу
стратегиясын жоспарлай бастады. 

292
00:13:03.536 --> 00:13:05.415
2 жылдан кейін ол көлік жуу
орнын сатып жіберді, 

293
00:13:05.455 --> 00:13:08.150
жаңа қожайын оны тағы 1 жыл істетті.

294
00:13:08.190 --> 00:13:10.635
-Қазір Vegas Auto Spa жабылып қалды 

295
00:13:10.675 --> 00:13:13.079
және бүкіл қозғалыс
жұмысының толқын іспетті 

296
00:13:13.119 --> 00:13:15.602
салдарлары индустрияны
әлі де соғып жатыр 

297
00:13:15.642 --> 00:13:17.602
және онда жұмыс істеген
ерлер мен әйелдерді 

298
00:13:17.642 --> 00:13:19.781
көлеңкеге одан сайын қуып тығуда.

299
00:13:19.821 --> 00:13:28.536
[айқайлаған адамдар]

300
00:13:28.576 --> 00:13:32.619
[музыка]