WEBVTT FILE

1
00:00:00.000 --> 00:00:03.071
[музыка ойналуда]

2
00:00:03.110 --> 00:00:04.703
Тангаил, Бангладеш

3
00:00:04.703 --> 00:00:08.097
-Джиохти Мон Каан алғашқы
қарыз алушылардың бірі болды. 

4
00:00:08.097 --> 00:00:13.160
1979 жылдың желтоқсанында
ол өзі сияқты 

5
00:00:13.160 --> 00:00:16.430
кедей әйелдерге несие беретін
жаңа ұйым туралы естіді. 

6
00:00:16.916 --> 00:00:19.524
Бүгін ол бұрынғы ауыр өмірін, 

7
00:00:19.524 --> 00:00:23.801
жан сақтауға тырысқан күндерін
тітіркеніп есіне алады.

8
00:00:23.801 --> 00:00:28.431
-Менің үйім саманнан жасалған еді,
төбесі де сондай. 

9
00:00:29.101 --> 00:00:36.913
Жаңбыр жауғанда,су өтіп кететін. 

10
00:00:37.318 --> 00:00:42.371
Балаларды судан қорғау үшін
оларды жауып,орайтынмын.

11
00:00:42.715 --> 00:00:49.476
Пана болсын деп шатырдың үстіне
жолжелкеннің жапырақтарын қоятынмын.

12
00:00:49.800 --> 00:00:53.458
-Ол 1962 жылы
10 жасында тұрмысқа шықты, 

13
00:00:53.458 --> 00:00:56.211
15 жасында тұңғыш
баласын дүниеге әкелді. 

14
00:00:56.474 --> 00:00:58.885
Күйеуі далада жалдамалы
жұмыс істейтін, 

15
00:00:58.885 --> 00:01:01.187
алатыны күніне 20 центке де жетпейтін.

16
00:01:01.187 --> 00:01:04.371
Осылайша,олар үнемі 
аштықпен бетпе-бет келетін. 

17
00:01:04.837 --> 00:01:08.241
Ол сол кездер туралы
айтуға қиналады.

18
00:01:08.848 --> 00:01:10.848
-Мен ол кезді ешқашан ұмытпаймын. 

19
00:01:10.848 --> 00:01:13.321
Әрқашан Құдай бізге көмектеседі
деп сендім,біз күтумен болдық. 

20
00:01:13.645 --> 00:01:16.236
Менің балаларым аштан өлді. 

21
00:01:16.236 --> 00:01:20.088
Кешіріңіз,мен бұл туралы айта алмаймын... 

22
00:01:21.604 --> 00:01:25.104
Басымнан өткен қиындықты
айтып түсіндіре алмаймын. 

23
00:01:28.120 --> 00:01:31.547
Бұл туралы айту өте ауыр. 

24
00:01:31.992 --> 00:01:36.511
Қазір Құдайдың мейір-шапағаты бізге түсті. 

25
00:01:38.616 --> 00:01:41.068
Менде мұндай киім болған емес.
Менің бір көйлегім болды. 

26
00:01:41.068 --> 00:01:43.687
Оны жуып,дымқыл күйінде киетінмін, 

27
00:01:43.687 --> 00:01:46.584
ал кейін қайта аударып,
екінші жағын жуатынмын. 

28
00:01:47.414 --> 00:01:51.167
Алланың қалауымен менде
одан да көп нәрсе бар. 

29
00:01:51.936 --> 00:01:54.642
Тағы не айтамын?

30
00:01:58.002 --> 00:02:00.330
-1980 жылдың қаңтарында 

31
00:02:00.330 --> 00:02:04.431
Джиохти Мон өзінің алғашқы
несиесін қорқынышпен алды. 

32
00:02:04.998 --> 00:02:09.513
Ол 600 така немесе
шамамен 10$ болды. 

33
00:02:09.837 --> 00:02:12.229
Осы ақшаға күріш тазартқыш сатып алып, 

34
00:02:12.229 --> 00:02:15.607
жергілікті сатушыларға күріш сата бастады. 

35
00:02:15.992 --> 00:02:20.347
Келесі жылы ол несие бойынша апталық
төлем жасау үшін ерінбей еңбек етті. 

36
00:02:20.590 --> 00:02:25.220
Джиохти Мон соңғы төлемді
1981 жылдың 1 қаңтарында жасады. 

37
00:02:25.524 --> 00:02:27.524
Ол өз отбасымен бірге бірінші рет 

38
00:02:27.524 --> 00:02:30.411
күніне 3 рет тамақтана бастады.

39
00:02:31.342 --> 00:02:34.199
-Басында несие алуға қорықтым. 

40
00:02:34.199 --> 00:02:36.341
Адамдар оны қайтара алмасам, 

41
00:02:36.341 --> 00:02:40.900
банктың адамдары мені 
ақша үшін өлтіретінін айтты. 

42
00:02:41.193 --> 00:02:43.539
Иә, мен қатты қорқып кеттім. 

43
00:02:44.288 --> 00:02:47.979
Бірақ алғашқы 600 таканы
төлеп біткен кезде, 

44
00:02:47.979 --> 00:02:50.983
өзімді батыл сезіндім.Сөйтіп,
одан да көбірек ақша сұрадым! 

45
00:02:51.570 --> 00:02:54.384
Осыдан кейін мен 2000 така сұрадым.

46
00:02:55.983 --> 00:02:58.244
-Соңғы 25 жылда 

47
00:02:58.244 --> 00:03:01.376
Джиохти Мон әр түрлі
бастамалары үшін 

48
00:03:01.376 --> 00:03:05.083
үлкен несиелер алып,
оларды қайтара білді. 

49
00:03:05.285 --> 00:03:07.771
Оның барлық бастамасы
сәтті болмаса да,

50
00:03:07.771 --> 00:03:10.266
ол қиын жағдайда қалмайтындай 

51
00:03:10.266 --> 00:03:13.645
қауіпсіздік жастықшасын құра білді. 

52
00:03:14.171 --> 00:03:16.506
Енді оның немерелері осыдан 

53
00:03:16.506 --> 00:03:19.460
20 жыл бұрын оның түсіне
кірмеген өмірді сүруде. 

54
00:03:20.047 --> 00:03:22.580
Джиохти Мон сізге бәрі 

55
00:03:22.580 --> 00:03:24.171
10$ несиеден басталғанын айтар еді.